Химплазия ™

МНН: Атанды порошок, обработанных парами: акации нильской, конского горошка семена, алоэ настоящего листья, Кротеи величественной коры порошок, Пальмы бетелевой плодов порошок, Спаржи кистевидной корней порошок, Цезальпинии бондуковой семян порошок, Якорцев стелющихся плодов порошок
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения доброкачественной гиперплазии предстательной железы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018121
Информация о регистрации в РК: 29.11.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Химплазиятм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Несеп-жыныс жүйесі және жыныстық гормондар. Урологиялық препараттар. Простатаның қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған препараттар. Простатаның қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған басқа да препараттар.

ATХ коды G04СХ

Қолданылуы

Простатаның қатерсіз гипертрофиясында

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Химплазия препаратын артериялық гипертензиясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Натрий

Препараттың құрамында бір реттік дозасында натрий (35 мг натрий карбоксиметилцеллюлозасы, 30.0 мг натрий кроскармеллозасы) бар, сондықтан тұзсыз диета ұстанатын адамдарға тағайындаған кезде сақтықпен қолдану қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа түрлері туралы деректер жоқ.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдануы

Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Химплазия дәрілік препараты әйелдерде қолданылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Химплазия дәрілік препараты көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектерге тәулігіне екі рет 1 таблеткадан: емдеу курсы уродинамикалық параметрлердің тұрақты мониторингілеу кезінде 3-6 айды құрайды.

Ең жоғарғы бір реттік дозасы – 2 таблетка

Ең жоғарғы бір тәуліктік дозасы – 4 таблетка.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қолдануға арналған.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Препараттың ұсынылған дозасын асырмау ұсынылады.

Симптомдары: диспепсиялық бұзылулар.

Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Егер пациент препараттың дозасын уақтында қабылдамаса, препаратты пациент есіне түскен бойда қабылдауы керек. Екі есе дозасын қабылдамау керек.

Тоқтату симптомдарының бар екендігіне нұсқаулар

Тоқтату симптомдарының қаупі жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, емдеуші дәрігерге жүгіну ұсынылады.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек болатын шаралар

Сирек

- аллергиялық реакциялар (қышыну, бөртпе) болуы мүмкін

- диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, құсу)

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

Жатаған теміртікен жемісінің ұнтағы 140 мг

Бондукты цезальпиния тұқымының ұнтағы     120 мг                        

Бетелді пальма жемісінің ұнтағы           100 мг

Шоқ тәрізді қасқыржем  түбірінің ұнтағы            80 мг

Айбынды кротея қабығының ұнтағы                    80 мг

Атандының  ұнтағы            80 мг

мынадай: ніл қарағанының, ат сиыржоңышқасы тұқымының, нағыз алоэ жапырағының буларымен өңделген

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, кросповидон, натрий кроскармеллозасы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Теңбілдері бар, ашық-қоңыр түстен күңгірт қоңыр түске дейінгі каплет түріндегі таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пішінді ұяшықты қаптамада 30 таблеткадан. Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші туралы мәліметтер

Хималайя Велнесс Компани

Макали, Бангалор 562162 Үндістан

Телефон: 00918067549999

Электронды пошта: www.himalayawellness.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Хималайя Велнесс Компани

Макали, Бангалор 562162 Үндістан

Телефон: 00918067549999

Электронды пошта: www.himalayawellness.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Трансатлантик Алматы» ЖШС, Қазақстан

050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19

«Нұрлы Тау» ПФО 2 б блогы 901 кеңсе

Телефон: +7 727 3110346

Электронды пошта: reg@transatlantic.kz

Прикрепленные файлы

ЛВ_Химплазия_русс.docx 0.04 кб
1)_Химплазия_ЛВ_каз_2023.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники